«Кісі танымақ болсаң – ісіне қара»-демекші, мектеп басшысы С.Салиш «Войти в IT» жобасы аясында мұғалімдерге өткізген интенсив курстары

Дата публикации: 26.11.2021 в 10:32

Білім беру жүйесін цифрландыру өте өзекті деген тұжырымды өзінің басты қағидаты ретінде ұстанған мектеп басшысы С.Салиш «Войти в IT» жобасы аясында мұғалімдерге жаңа оқу жылын жаңашылдықпен, өздерінің күнделікті сабақ барысында пайдалануға сауатты, әрі қызықты етіп  интерактивті білім беру құралдарын құру дағдыларын меңгеруге дайындау мақсатында мектебіміздің әдістемелік бірлестік жетекшілері мен ниет білдірген алғашқы 6 мұғалімге   «Новичок» атты 5 күндік интенсив ұйымдастырды.

«Войти в IT» жобасы аясында өткізілген курсты сәтті аяқтап, курс барысындағы келісімді толық орындаған мұғалімдерге С.Салиш қарашаның 1-жұлдызынан бастап интерактивті білім беру құралдарын «Новичок» курсынан алған білімдері мен дағдыларын одан әрі шыңдай түсулері үшін «Джуниор» интенсиві өткізілді.

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші, мектеп басшысының  өз білгенін өзгеге үйрету барысындағы көшбасшылық пен педагогикалық қоғамдастықты шебер ұштастырған игілікті ісіне тәнті болған информатика пәнінің мұғалімдері Н.Жумагулова мен А.Тұрсынбек «Я root  по Canva» атты мастер-класын өткізді.

Қатысушылар әр курста берілген ақпарат заманның талабына толық сай, теңдесі жоқ мәліметтер екендігін 100% сеніммен бір ауыздан айтып отыр, оған дәлел әрқайсысының инстаграм желісіндегі жүрекжарды кері байланыстары: