Жазғы мектеп – 2022

Дата публикации: 30.05.2022 в 8:37

Ә.Кекілбайұлы атындағы № 72  ЖББО ІТ мектеп – лицейінде 2022 жылдың 26 мамырынан бастап жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Жазғы мектептің мақсаты – пандемия кезіндегі балалардың оқуында кеткен олқылықтардың орнын толтыру . Ата-аналар өтінішімен жазғы мектепке келген оқушылар үшін арнайы сабақ кестесі құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Оқушылар негізгі пәндер бойынша өз білімдерін толықтырып қана қоймай, қосымша шығармашылық жұмыстарымен , жоба қорғаумен, мұражайларға саяхат жасаумен, басқа жерлерге экскурсия жасаумен айналысады. Жазғы мектептің ерекшелігі – үй тапсырмасы берілмейді, оқулық болмайды. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі арқасында кітап оқу, бақылау жұмыстарын орындау, сурет салу, таза ауада сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылуда.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары   Г.Т.Умарова, Л.Т.Молдажарова