«Білім әлеміне саяхат» атты бастауыш кластар декадасының қорытындысы

Дата публикации: 10.03.2021 в 12:24

 №72 IT мектеп – лицейінің бастауыш кластар арасында 22.02-05.03.21ж. өткен «Білім әлеміне саяхат» атты онкүндігі өз мәресіне жетті. Онкүндіктің әр күні белгілі бір тақырыппен өтті. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Олардың білімі, өнері, шеберлігі, шығармашылығы, ізденушілігі көрінетін қызықты сайыстар мен олимпиадалар ұйымдастырылды. Ата-аналардың қатысуымен онлайн түрде мәнерлеп жатқа айтудан конкурс ұйымдастырылды. Жоспарланған іс-шаралар өткізіліп болған соң оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 Дайындаған: директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Умарова Г.Т