№72 МЛ адал ұрпақ отчет жылдық 2020

Дата публикации: 18.03.2021 в 14:39

 «№72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі» КММ-нің

2019-2020 оқу жылының  «Адал ұрпақ»

ерікті клубының  өткізген іс-шаралар есебі

02. 09.2019 оқу жылы «Адал ұрпақ»  ерікті клубының   ұйымдастырушылық-дайындаушылық іс-шаралар «Адал Ұрпақ» ерікті мектепшілік клубы қызметін ұйымдастыру мақсатында белсенді оқушылар жиналып, ерікті мектепшілік клубы құрылды. 

15.09. 2019 күні мектеп тәрбиелеушілік жұмысы жоспарын, сынып жетекшілер

жұмысының жоспары, «Адал Ұрпақ» ерікті мектепшілік клубының жұмыс жоспары

бекітілді.  Үнемі жаңартылатын «Парасатты азамат» бұрышы және  «Адалдық дүкені» құрылды.

22.09.2019 күні оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін

жоғарлатуға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.

20.09.2019 күні құқықтық тәрбилеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу

мәдениетін соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының ролі

туралы сыныптың ата-аналар жиналысы  «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумылар ұйымдастырылды, ата-аналар белсенділік танытып, сұрақ қойып, жауап алды.

25. 09. -25.09 2019 күндері «Қазақстан – құқықтық мемлекет» айлығы өткізілді, елдің сайлау құқығы ұстанымына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рольдік ойыны 1-4 класстар арасында.

 14.10 «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырып бойыншамемлекеттік қызмет ардагерлерімен, мемлекеттік қызметкерлермен кездесу,«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» құқықтық мемлекеттің қызмет атқаруының базалық ұстанымы, біздің елде құқықтықмемлекеттің қызмет атқару ерекшелігі туралы 4-10 класс жетекшілері  дөңгелек үстел ұйымдастырылды, анкетирование жұргізілді және «Адалдық жәрменкесі» өткізіліп  балалардың қызығушылығын оятты.

29.10.2019 күні «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді

Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында 06.11.2019 күні, 9-10 класс оқушылары арасында,  сағат 10:00 де, жалпы Республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді. «Адал ұрпақ» клубының мүшелері «Ұлы Дала ұрпағы – адал жас ұрпақ» ұранымен  акцияны ашты. «Адал Ұрпақ» жетекшісі Аманов Қайрат Сагинбаевич  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырып, “Адал ұрпақ”
ерікті мектеп клубтарының мақсатын анықтап, жалпыреспубликалық бірынғай іс- шараның күтілетін нәтижесін жеткізді. Оқушыларға видео көрсетіліп, парасаттылық, адалдық, сенімділік, әділдік түсіндірмелеріне тоқтап, мағынасы айқындалды,  қонаққа шақырылған ата-ана мен ұстаз қорытынды сөздермен аяқтады.

11.11 күні  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытының «Туған жер-туған ел» жобасының аясында мектебімізге Халық Банк өкілдері келіп, 7 класс оқушыларымен «Төл теңге мақтанышымыз»  тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында  Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстырып, ақша айналымы тарихынан мағлұмат беріп, оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз Отанына мақтаныш сезімін ояту мақсатына жетті.

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай, жастарды парасаттылыққа,

әділдікке тәрбиелеу мақсатында ТІЖӨ А.Ж. Жалмагамбетова және тарих пәнінің мұғалімі Қ. С. Аманов 9-10 класстар арасында дебат өткізді. Оқушылар берілген сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, өздерінің пікірлерін айта білді.

18.12.2019 күні ТІЖӨ Жалмагамбетова А.Ж, тарих пәнінің мұғалімдері Аманов К.А және Есенжолова Н.А,  5-8 класстар арасында оқушыларды электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен таныстыру, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұғым қалыптастыру, әкімшілік регламент ұғымымен таныстыру, электронды  мемлекеттік қызмет көрсету технологиясымен таныстыру мақсатында  «Мемлекеттік қызметті алу туралы» іскер ойынын өткізіді.

23.12күні  технология пәнінің мұғалімі Санкубаева Р.Ж оқушыларымен Жаңа Жылдақ жәрменке ұйымдастырып, оқушыларға өздерінің заттарын өткізуге мүмкііншілік берді. Оқушылар жарнама жасап, сауда кәсібін меңгеріп, адалдық сатуға үйренді.

17.01.2020 күні Республикалық «Адалдық сағаты» 1-11 класстар арасында өткізілді, 1-4 класстар арасында тәрбие сағаттары, 5-11класстар арасында орыс тілі пәнінің мұғалімі Прохорова, талқылаулар, биология пәнінің мұғалімі Сарсенгалиева Г.М, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Таганова Г.А. лекцияға қатысып, талдау жасады. Лекция оқыған тәлемгер Мурынтаева А.Т  слайд арқылы оқушыларға заң бұзу мәселелерін айтып берді және флэш-моб биледі.

10.02 күндері аралығында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді, оқушылар  сурет салып, постер қорғап, адамгершілікке тәрбиелейтін ойындар ойнады.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігі бойынша нақты жұмыстар атқарылды және бұл іс-шаралар ары қарай өз жалғасын табады.

Дайындаған:  ТІЖӨ   Жалмагамбетова А.Ж