«Оқуға құштар мектеп» жобасы барысында жасалған жұмыстар

Дата публикации: 8.04.2021 в 7:35

 №72 IT мектеп – лицейінің бастауыш класс мұғалімдері «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру, оқушыларға көркем әдебиет оқуды насихаттау мақсатында мектептің инстаграм парақшасынан кешкі мезгілде тікелей эяфирге шығып, ақын-жазушылардың балаларға арналған өлеңдері мен шығармаларын оқиды. Ақын-жазушылар туралы, оқитын шығарманың негізгі ойы мен мақсаты, тәрбиелік мәні туралы қысқаша мәлімет беріп кетеді. Оқушыларды  бос уақытында кітап оқуға , жеке кітапханасын толықтыруға  шақырады.

 Дайындаған: директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Умарова Г.Т