Антикор

Дата публикации: 19.10.2021 в 7:02

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімділігіне сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей төнген қатер болып саналады». Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу.

Бұл ретте, мектебімізде 7-қыркүйек күні барлық қызметкерлер арасында анонимді түрде сауалнама алынған болатын. Сауалнаманың қорытынды санағы бойынша 91 респондент сауалнама сұрақтарына жауап берген. Сауалнаманың «№72 мектепке жұмысқа орналасу кезінде директор немесе басқа тұлға сізден пара талап етті ме? Сіз өзіңіз мектепке жұмысқа орналасу үшін қандай да бір сыйақы ұсындыңыз ба?» деген сұрақтарына респонденттердің 100% бірауыздан «жоқ» деген жауап таңдаса, «Сыйақының белгілі бір сомасы үшін қолайлы жағдайлар жасалады деген ұсыныс айтылды ма?» деген сұраққа роспонденттердің 98,9% «жоқ» деген жауап беріп, 1 мұғалім «иә» деген жауапты таңдады.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша, мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты әлде де жоғары нәтижеге жету мақсатында жан-жақты қамтылған жұмыстар жүргізілетін болады. Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз  қажет.