Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре тақырыбындағы дөңгелек үстел

Дата публикации: 7.12.2021 в 13:14

6-желтоқсан Әбіш Кекілбайұлының туған күніне орай мектебімізде “Кемел ойлы,  көркем сөзді шежіре” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығымен сусындау,  өлең жырларын насихаттау. 

Жазушының өмір дерегіне шолу жасап,  парасатты тұлғаның тұңғиық әлеміне саяхат жасау үшін мектебімізге философия ғылымдарының докторы,  профессор Алтай Тайжанов және мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай қатысты. Оқушыларға сүбелі сөздерімен,  жазушының өмірінен біраз естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар 2019жылы өткен Ә. Кекілбаевтың 80жылдық мерейтойында мәнерлеп оқудан үздік деп танылған оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.

Өз ойларынан шыққан туындыларымен де бөлісті. Кездесу соңы ақынға арналған өлеңмен,  келген қонақтарымыздың жылы лебізімен, жақсы көңіл күйде аяқталды.