Тәуелсіздік – тұғырым” конференциясы

Дата публикации: 21.12.2021 в 15:06

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. 8 желтоқсан күні мектебімізде, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Зағип» облыстық арнаулы кітапханамен бірлесіп “Тәуелсіздік – тұғырым” конференциясы өткізді. Қ. Жұбановтың
“Тарих және дінтану” кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Асылбек Төреханұлы, №72 мектеп – лицейінің ұстаздары: Шынар Рахатқызы, Жаннұр Еркінқызы, Сарқыт Бақытқызы Тәуелсіздік тарихы, қалыптасуы, жетістіктері туралы баяндама оқыды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шараға кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты. Мазмұнды шараға ” Aqtobe”, ” Рика тв” телеарна тілшілері куә болды.