“Қыз сыны”

Дата публикации: 10.03.2022 в 10:29

8 Наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында 2-4 наурыз күндері  1-8 класс қыз балалары арасында «Қыз сыны» сайысын өткізді.  Сайысқа 30 қыз бала қатыты, іріктеу кезеңі үш сатыдан тұрды. Бірінші сатыда үміткерлер өздерін таныстырса, екінші сатыда өз өнерлерімен таныстырып, үшіншісіне қазақ халқының ою-өрнектерін қиып, қорғады. Қыздар сайыс барысында бойындағы бар өнерін салуға тырысты. Бірі ән айтса, екіншісі би биледі, тағы бірі монолог оқыды. Өздерінің шыққан аты жөні, шыққан тегін, оқып жатқан оқу орынын, бойындағы асыл қасиеттерін бірі көркем сөзбен, бірі өлеңмен, енді бірі әнмен жеткізіп өз таланттарын барынша ашып, қазақ қызының өнерлі де өжет мінезін көрсетті.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:    А.Ж. Жалмагамбетова