Богенбай Батыр

Дата публикации: 18.05.2022 в 9:00

7 мамыр Отан Қорғаушылар мерекесіне орай, қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №72 ІТ МЛ, Ақтөбе ОМ, №41 ОМ және Коммуникация байлыныс колледжімен бірлескен Бөгенбай батыр ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өткізілді. Даңқты қолбасшы, тарихи тұлға, айбынды саясаткер, азаттық үшін күрес жолында жанын құрбан еткен баһадүр батырдың өмірі мен ерлік жолына шолу жасауға, халықаралық жазушылар одағының мүшесі Марат Қабижанұлын келіп, құттықтау сөздерін айтты. Бөкенбай батыр – ел бастаған көсемдігімен, қол бастаған батырлығымен, елін ұйыта білген сөз бастаған шешендігімен , адамгершілікті парасат тұрғысынан болсын өзінің көптеген замандастарынан ілгері жаратылған жандардың бірі еді. Өз заманының жарық жұлдызы, біртуар ұлы, батырдың тұлғасы ешқашан ұмыт болмайды. Батыр бабамызды ұрпақтары жырға қосып жырлап, өлең оқып, ескерткішке гүл шоғын қою рәсімін өткізді.