Оқушыларды 1-сыныпқа 2023-2024 оқу жылына қабылдау

Дата публикации: 3.04.2023 в 9:09

📣 Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау басталады.

Құжаттарды қабылдау ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы www.egov.kz порталы негізінде жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті толтырып, тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек:

✅ баланың туу туралы куәлігі;
✅ 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты», 065/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжаттар;
✅ баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосурет.