Ақтөбе қаласында орналасқан арнаулы орта білім беру орындарымен кездесу

Дата публикации: 6.05.2021 в 14:32

Кәсіптік бағдар беру мақсатында Ақтөбе қаласында орналасқан арнаулы орта білім беру орындарымен онлайн форматта  9,10,11 класс оқушылары және ата-аналары үшін   кездесу  ұйымдастырылды.  Кездесуге   төмендегі колледж өкілдері қатысуға ниет білдірді.

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі

Ақтөбе техника-технологиялық колледжі

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар мен басқару колледжі

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ Ақтөбе колледжі

Кездесу барысында білім беру бағдарламаларымен, грант бойынша оқуға мүмкіндіктерімен, колледждерге түсу ережелері мен құжаттарды дайындау, қабылдау мәселелері бойынша кеңес берілді, колледждер туралы ақпарат ұсынылды.