ҰБТ

Дата публикации: 16.04.2021 в 7:09

Бүгін, 15 сәуір сағат 17.00-ден (астана уақытымен) бастап бос орындар аяқталғанға дейін app.testcenter.kz сайтында ҰБТ-ға тіркеу басталады!


Бәріңізге мәлім, бұл ҰБТ-ны тапсыру үшін сіздерге 2 мүмкіндік беріледі:


​❗15 сәуірден бастап ҰБТ тапсырудың БІРІНШІ МҮМКІНДІГІНІҢ тестілеу күнін таңдауға болады;


​❗1 мамырдан бастап ЕКІНШІ МҮМКІНДІКТІ қолдану үшін күнді таңдауға болады.


​Бұл тестіленушілердің арасында орындарды теңдей бөлу үшін маңызды болып табылады.
​Тестілеу 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.


Әрине, 2 тестілеудің де күндерін Сіздер өздеріңіз таңдайсыздар.
​Алайда, ҰБТ өткізу орнына дейін ниет білдірушілерді тегін тасымалдауды ұйымдастыру барысында шалғайдағы мектептерден түлектердің бірге келуі кезінде бір күн таңдағаны тиімді.

​Сонымен бірге, Сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, ең үздік баллмен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыздар.
​Ағымдағы (2021) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады.
​ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсу емтиханы екендігін және аттестаттағы бағаға еш әсер етпейтінін ескертеміз.


​Барлық түлектерге сәттілік тілейміз!

Мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Аругуль Жанаевна Ермухамбетова

 #ЕНТ2021  #ҰБТ2021   #ЕрмухамбетоваАЖ