Білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналып, қашықтан өткізілген Халықаралық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалі

Дата публикации: 16.11.2021 в 7:54

4 қарашада Ақтөбе облысының білім басқармасының тапсырмасымен “Ақтөбе-Дарын” ӨҒТҚББО білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналып, қашықтан өткізілген Халықаралық «Жұлдызай» шығармашылық фестиваліне қатысушы және жеңімпаз оқушыларды марапаттау салтанатын Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейінде өткізді. Марапаттау салтанатына облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешені мен аудан мектептерінен барлығы 12 оқушы қатысты.
Шара мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Олардың өнеріне тәнті болған жергілікті кәсіпкерлер @Samal.massage@batys.mebel@zigzagaktobe@magazin_evim балаларға сыйлық сыйлады. Ал “Елбасы медалі” жобасының Ақтөбе облысы бойынша спикері Дәрмен Қапыс балаларды @elbasymedali.aktobe жобаға қатысуға шақырды. Сонымен қатар “Iqanat” білім беру қорының @iqanat_aktobe үйлестірушісі Абыл Насухин өнерлі балаларды қолдап футболка, браслеттер таратты.