Құрметті ата-аналар!

Дата публикации: 31.03.2022 в 8:19

«Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 ЖББО ІТ мектеп –лицейі» 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап  2022-2023 оқу жылына 1-класқа оқушыларды қабылдауды бастайды.

  Білім беру ұйымы дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші класқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асады.

Қажетті құжаттар:

  • Порталға кіру;
  • Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №148139 болып тіркелген) бекітілген №065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2423 болып тіркелген);
  • Баланың3/4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті;

Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.

Мектеп әкімшілігі